+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Швейцария Президенті Қазақстанның негізгі басымдығын атады

2019 жылғы 22 қараша 15:22
Бөлісіңіз:
Швейцария Президенті Қазақстанның негізгі басымдығын атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер еліміздің негізгі басымдығын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Журналист болу үшін кәсіби біліктілікке қоса батылдық пен табандылық керек - Президент құттықтауы Зиялы қауым өкілдері болашақ өмір туралы мәселені қазірден ой таразысына сала беруге тиіс - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр

«Біз үш компонентке негізделген екі жақты қарым-қатынастарымызды дамытуға ұмтыламыз. Дегенмен, тауар алыс-берісін ғана дамытқымыз келіп отырған жоқ. Білім алмасу саласындағы да өзара іс-қимылды жандандырғымыз келеді. Біз үшін бірлескен кәсіпорындар құру, білім, жаңа технологиялар алмасу барынша маңызды», - деді Ули Маурер.

Сонымен қатар ол Швейцарияға қарағанда Қазақстанның қандай басымдығы бар екендігін айтты.

«Қазақстан жас әрі қарқынды дамушы мемлекет. Бұл елдеріңіздің ең үлкен басымдығы және Швейцариядан да үлкен айырмашылықтарыңыз саналады. Себебі бізде халықтың қартаю процесі жүріп жатыр», - деді Швейцария Президенті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT