Швейцария Малайзиядан жоғалған 4 млрд. долларды табуға көмек сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцария прокуратурасы Малайзия билігіне елдің мемлекеттік даму қорынан төрт миллиардқа жуық доллардың жоғалуын тергеуде көмек көрсету туралы ресми сұрауын жіберді.

Швейцариялық тергеушілердің есептеуінше, ақшаны Швейцарияның есепшоттарына кейбір бұрынғы малайзиялық шенеуніктер аударған.

Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак оның есепшоттарына даму қорынан ірі ақша сомасының түскенін бірнеше рет жоққа шығарған.

Сейсенбі күні елдің бас прокуроры премьерден жемқорлық туралы күдіктер алынып тасталатыны, ал оның есепшотына аударылған 681 млн. доллар - Сауд Арабиясындағы корольдік отбасының қайырымдылығы екенін хабарлады, деп жазады Би-би-си.

Соңғы жаңалықтар