Швейцария халқы референдумда вакцина сертификатының QR-кодын қолдады

None
None
БРЮССЕЛЬ-БЕРН. ҚазАқпарат – Швейцария тұрғындары биыл ұлттық референдум барысында соңғы рет дауыс берді. Өткен жексенбі күні ортаға үш сұрақ тасталды, алайда адамдардың назары COVID-19 туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістерде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Swissinfo сайтына сілтеме жасап.

Референдумның соңғы қорытындысына сай, дауыс берушілердің 62%-ы вакциналау сертификатының QR-кодын пайдалануды заңды етуді қолдады.

Бұл құжатта вакцинация, тестілеу және антиденелер туралы ақпарат болады. Мұндай құжаты бар адамдар қоғамдық шараларға қатыса алады.

«Ковид туралы заңнама бойынша бірмәнді нәтиже күтеміз. Бұл орайда менің сенімім артып келеді», - деді Аргау кантонының Ұлттық кеңесінің (парламенттің үлкен палатасы) депутаты, QR-кодты жақтаушылар комитетінің өкілі Марианна Биндер.

Бұл - Швейцариядағы «Пандемиямен күрес жөніндегі шаралар туралы» заңға арналған екінші референдум.

Маусым айында дауыс берушілердің 60%-ы қабылданған шараларды қолдаған еді.

Швейцариялық БАҚ-тың бақылауынша, ол кезде бәрінен бұрын санитарлық шараларды қаржыландыру мен бизнесті қолдау мәселесі талқыланған болатын.


Соңғы жаңалықтар