Шведова WTA рейтингісіндегі орнын жоғарлатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингісі жаңартылды, деп хабарлайды Sports.kz.

Рейтингтің алғашқы үштігін неміс спортшысы Анжелик Кербер, америкалық Серена Уильямс және чех теннисшісі Каролина Плишкова бастап тұр.

Қазақстандық Юлия Путинцева бір орынға төмен түсіп, 29-шы орынға жылжыды. Ал, тағы бір қазақстандық спортшы Ярослава Шведова керісінше 51-ші орыннан 45-ші сатыға көтерілді.

Айта кетейік, бұл рейтингте Зарина Дияс бұрығы орнын сақтай алмай 182-ден 187-ші сатыға төмендеді. 

Соңғы жаңалықтар