Шведова «Уимблдонның» үшінші айналымында Лисицкиді жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан атынан сайысқа түскен Ярослава Шведова Уимблдон теннис турнирінің үшінші айналымында Германия теннисшісі Сабин Лисицкиден басым түсті, деп жазады Sports.kz.

Қазақстандық Ярослава Шведова неміс Сабин Лисчицкиді ұтты - 7:6 (7:2), 6:1.  

Бұдан бұрын, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Словакия өкілі Магдалена Рыбариковамен жұптасып, «Үлкен дулыға» сериясындағы төртінші турнирдің бірі - ғаламшардағы ежелгі турнир турнирінде жұптық разрядта екінші айналымға шыққаны хабарланған болатын.

Путинцева/Рыбпарикова жұбы Пауль Каня (Польша)/Мария Иригойен (Аргентина) жұбын ұтты - 6:3, 2:6, 6:4. Екінші раундыда қазақстандық-словак жұбы турнирдің сегізінші дуэті Юлия Гергес (Германия)/Каролина Плискова (Чехия) жұбымен кездеседі. 

Соңғы жаңалықтар