Швед оқушысы Нобель сыйлығына ұсынылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шведтік мектеп оқушысы Грета Торнберг ғаламдық жылумен күрес қозғалысына қосқан үлесі үшін Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай ұсынысты бірқатар шведтік және норвегиялық саясаткерлер жасады.

«Мұндай маңызды сыйлыққа ұсынылғанымның өзі мен үшін үлкен құрмет. Бұл керемет және аздап қызық та», -деді 16 жастағы оқушы қыз Aftonbladet басылымына берген сұхбатында.

Өткен жылдың тамыз айында Грета Стокгольмдегі парламент ғимаратының алдына жалғыз өзі ереуілге шыққан болатын. Ол Швеция зиянды қалдықтарды азайту жөніндегі Париж келісімі шарттарын орындамайынша мектепке бармайтындығын мәлімдеген. Артынша ол климат мәселелері бойынша БҰҰ конференциясы мен Давоста өткен форумға шақырту алды.

Соңғы жаңалықтар