Швецияның оңтүстігінде 12 пойыздың қозғалысы тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күннің қатты ысып кетуі салдарынан Швецияның оңтүстігінде 10 тамызға дейін 12 пойыздың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі The Local басылымына сілтеме жасап.

Теміржолшылар пойыз жолдары аптап ыстыққа шыдамай, зақымдануы мүмкін деп қауіптенеді. Бұл жаз маусымында мұндай шешім екінші мәрте қабылданып тұр. Шілденің соңында бірнеше бағыт бойынша қозғалыс тоқтаған еді.

Осы күндері елдің оңтүстігінде ауа температурасы 30-34 градусқа жетеді деп болжануда. Өңірде ыстық әрі құрғақ ауа райы мамыр айынан бері сақталып тұр. Синоптиктер шілдені Швециядағы соңғы бірнеше онжылдықтардың ішіндегі ен ыстық ай деп атаса, Стокгольмде мұндай ауа райы 262 жылдан бері болмаған. 

Соңғы жаңалықтар