+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Швецияның бас эпидемиологы коронавируспен күресте қателескенін мойындады

2020 жылғы 3 маусым 22:45
Бөлісіңіз:
Швецияның бас эпидемиологы коронавируспен күресте қателескенін мойындады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Швецияның бас эпидемиологы Андерс Тегнелл коронавируспен күресте өзі ұсынған әдістің қате болғанын мойындады. Ол елде карантин жариялауға қарсы болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл індет туралы қазір білетін мәліметтерімізді сол кезде білгенде біз қазіргі Швецияда жасалған іс-әрекеттер мен бүкіл әлемдегі карантиннің ортасындағы дара жолды ұстанатын едік», - деді Тегнелл Швед радиосына берген сұхбатында.

Эпидемиологтың пікірін өзгертуіне елде пандемиядан көз жұмғандардың тым көптігі себеп болды.

«Біздің Швецияда қолданған әдісімізді бұдан гөрі жетілдіріп, әлдеқайда жақсартуға болатын еді», - деп атап өтті ол.

Журналистің «Швецияда коронавирустан көп адам мезгілсіз қайтыс болды деп санайсыз ба?» деген сұрағына бас эпидемиолог «Иә, ол рас» деп жауап берді.

Айта кетейік, Джонс Хопкинс университеті таратқан мәліметке сенсек, Швецияда 40 803 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 4542 адам қайтыс болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT