Швециядағы түрік мәдениет орталығында жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Стокгольм маңындағы Түрік мәдениет орталығында жарылыс болды, деп хабарлайды жергілікті полицияға сілтемемен Би-би-си.

Жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Ғимараттың бір бөлігі қатты бүлінген.

Полиция жарылыс салдарынан ғимараттың барлық терезелер сынғанын хабарлады.

«Ішінде адамдар болған жоқ. Ешкім зардап шеккен жоқ. Орталық кеше кешке жабылған болатын», - деді полиция өкілі.

Ол бұл жарылысқа байланысты ешкім қамауға алынбағанын қосып айтты.

Айта кетейік, 17 ақпанның кешінде Түркия астанасы Анкарада ішіне жарылғыш зат салынған көлік жарылды. Салдарынан 28 адам қаза тауып, 60-тан астамы жарақаттанды.

Соңғы жаңалықтар