Швециядағы әуе апаты: 8 парашютист пен ұшқыштың құлаған сәті желіде жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Швециядағы әуе апаты салдарынан 8 парашютист және ұшқыш қаза тапты. Оқиға елдің солтүстігінде орналасқан Умео қаласының маңындағы солтүстік Вестерботтен провинциясында орын алған.

Евроньюс сайтында хабарланғандай, парашютистерді тасымалдаған бір моторлы спорттық ұшақ құлап түскен. Әуе кемесінің бортында сегіз парашютист пен бір ұшқыш болған. Барлығы да көз жұмды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, GA8 Airvan үлгісіндегі ұшақ Умео әуежайынан аттанғаннан кейін 42 минуттан соң апат туралы белгі беріп, құлаған. Оқиғаның себептері анықталуда.





Соңғы жаңалықтар