USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Швецияда тұрғын үйде жарылыс болып, 25 адам ауруханаға жеткізілді

2021 жылғы 28 қыркүйек 14:10
Бөлісіңіз:
Швецияда тұрғын үйде жарылыс болып, 25 адам ауруханаға жеткізілді

СТОКГОЛЬМ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Швецияның Гётеборг қаласындағы тұрғынүйде болған жарылыс салдарынан 25-ке жуық адам ауруханаға жетізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап

Ұқсас жаңалықтар
Индонезияда Семеру жанартауы атқылады, маңындағы тұрғындар қашып жатыр Мюнхенде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әуе бомбасы жарылды Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Сальгренск университеттік ауруханасының таратқан хабарламасына сәйкес, зардап шеккен үш әйел ауыр жарақат алған.

Оқиға орнында эвакуациялау және өртпен күрес жүргізу үшін апаттық-құтқару қызметтері жұмылдырылған.

Жарылыстан бірнеше пәтер мен баспалдақ бүлінгені айтылады. Қазіргі кезде жарылыс себептері нақтылануда.

Жарылыс пен өртке жақын аумақтардағы бірнеше жүздеген адам эвакуацияланған.

Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Алайда елде жарылғыш заттар мен қару қолданып жүрген түрлі қылмыстық топтардың көбейіп жатқаны хабарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT