Швецияда белгісіз затпен қаруланған жас жігіт 8 адамды жарақаттады

None
None
СТОКГОЛЬМ. ТАСС-ҚазАқпарат – Швецияның оңтүстігінде орналасқан Ветланд қаласының сегіз тұрғынына белгісіз затпен қаруланған адам шабуыл жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері қылмыскерге қарсы қару қолданған. «Ветлендтегі шабуыл лаңкестік әрекет ретінде қарастырылып отыр», - деп атап өтілді мәлімдемеде.

Жарақат алған қаскүнем ауруханаға жеткізілді. Оның денсаулық жағдайы туралы мәлімет келіп түскен жоқ, жасы шамамен 20-да деп болжанып отыр.

Полиция шабуыл жасаған адамның дәл немен қаруланғанын нақтыламай отыр. Қазіргі кезде құқық қорғаушылар оның сыбайластары болмаған деп санап отыр.


Соңғы жаңалықтар