Швеция 80 мыңға жуық мигрантты жер аудартып жібермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швеция билігі 80 мыңға жуық мигрантты Сирия мен Ауғанстанға жер аудартып жібермек, деп хабарлады Sputnik агенттігіне Швеция ІІМ басшысы Андрес Эгеманның баспасөз хатшысы.

Бұған дейін Эгеман ел үкіметінің босқындар мәселелерімен айналысатын полиция мен биліктен елге 2015 жылы келген және пана берілмеген 80 мыңға дейін мигрантты елден шығаруды сұрағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл процесс бірнеше жылға созылуы мүмкін.

ІІМ-нің мәліметтерінше, өздеріне босқындар дәрежесін беруге өтініш білдірген мигранттар билік шешімін өздеріне арнайы бөлінген тұрғын кешендерінде күтеді, сондай-ақ үкімет оларға көлемі әзірге аталмайтын жәрдемақы төлейді. Ведомствоның өкілі сондай-ақ босқындарды тасымалдау үшін чартерлік ұшақтар пайдаланылатынын атап өтті, деп жазады РИА Новости.

Халықаралық көші-қонды ұйымдастыру ұйымының мәліметтерінше, жаңа жылдың алғашқы 26 күнінің өзінде Еуропаға теңіз жолымен 47 мыңнан астам мигранттар мен босқындар келген. 2015 жылы еуропалық жағалауға 1 миллион 11 мың 712 адам келіп жеткен. Еурокомиссия әлемдегі қазіргі көші-қон дағдарысының Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бері ең ірі екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар