Шварценеггер үнділік «Робот-2» фильміне шақырылды, оның біркүндік түсіріліміне 500 мың доллар төленбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голлувудтың аты аңызға айналған актері Арнольд Шварценеггер Үндістанда танымал режиссер Шанкардың «Робот-2» атты шытырман оқиғалы фильміне түседі. Картинада ол зұлым адам болып ойнайды.

Актер түсіру алаңындағы бір күндік жұмысын 500 мың долларға бағалады. Картинаны жасаушылар оған 15 миллион доллар төлеуге дайын, себебі Шварценеггердің қатысуымен түсірілетін фильмнің табысқа жететініне сенімді.

Арнольдтің Үндістанға 2015 жылдың желтоқсанында келетіні шамаланып отыр.

«Робот-2» фильмінің премьерасы 2016 жылдың соңына жоспарланған.

Оның бірінші бөліміне ән салып, би билеп, төбелесе алатын Читти роботы арқау болады. Бұдан басқа, роботтың су мен отқа төзе алатын қасиеті бар. Сюжет бойынша, оған адам эмоцияларының еліктегішін қосқанда, робот қатты өзгереді.

Соңғы жаңалықтар