Шүменовтің Астанадағы жекпе-жегін кім өткізетіні белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 шілде күні Астанада жекпе-жек өткізетін қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов ел боксын дамыту мәселелері туралы ой бөлісті, деп хабарлайды  «SPORTINFORM» САА.

«Көзіме жасатқан отаның екеуі де сәтті өткеннен кейін дәрігерлер рингке оралуыма рұқсат етті. Мен бұрыннан Қазақстанда кәсіби боксты дамытуды армандап келемін. Бізде мықты спортшылар көп, Қазақстан бокс мектебін бүкіл әлем үздіктер қатарында мойындайды. Бірақ әуесқой бокс арқылы әлемге танылу қиын. Мәселен, Василий Ломаченко кәсіпқой боксқа барған соң ғана оны әлем таныды. Әйтпесе, оған дейін-ақ екі дүркін Олимпиада чемпионы еді. Біз де Қазақстанды кәсіпқой бокс арқылы танытайық», - дейді Шүменов.

Боксшы, сондай-ақ Астанадағы жекпе-жегінің ринг-анонсері кім болатынын да айтты. «Жекпе-жекті Джимми Леннон жүргізеді. Мен 2007 жылдан бері Америкада болдым. Бұл маған бокс әлемінің танымал тұлғаларын Қазақстанға шақыруға мүмкіндік береді», - деді боксшы.
null 

Соңғы жаңалықтар