Шүменов пен Алтынкайдың бокс кешін қайдан тамашалауға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Барыс Аренада» қазақстандық Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) пен түрік Хизни Алтынкайдың (30-1, 17 КО) бокс кеші өтеді. Олар бірінші ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы титулы үшін күш сынайды, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл бокс кешін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Басталуы Астана уақытымен сағат 14:00-де. Бокс кешінде он бір жекпе-жек өтеді. Барлық айқаста қазақстандық боксшылар жұдырықтасады. 

Еділ Қожамбердиев (3-2, 3 КО) - Сергей Белошапкин (Ресей, 11-27-1, 3 КО)

Диас Тастеміров (2-0, 2 КО) - Эльвин Ахунзада (Әзербайжан, 4-0, 2 КО)

Миржан Рахымжанов (дебют) - Александр Салтыков (Ресей, 11-48-3, 6 КО)

Ибрагим Ескендіров (3-0, 3 КО) - Серік Әжібаев (Ресей, 0-1)

Айдын Елжанов (4-1, 3 КО) - Аскар Рагимов (Әзербайжан, 2-1, 1 КО)

Арман Рысбек (3-0, 2 КО) - Сандро Терашвили (Грузия, 4-1, 2 КО)

Али Балоев (4-0, 3 КО) - Казим Умудов (Әзербайжан, 2-0, 1 КО)

Бобиржан Моминов (6-0, 5 КО) - Гиорги Блиадзе (Грузия, 7-6, 2 КО)

Уалихан Бисенқұлов (5-0, 5 КО) - Анар Абдуллаев (Әзербайжан, 2-2, 2 КО)

Айдос Ербосынұлы (7-0, 6 КО) - Исмат Эйнуллаев (Әзербайжан, 13-1, 9 КО)

Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) - Хизни Алтункая (Турция, 30-1, 17 КО).

Еске салайық, Шүменов соңғы айқасын 2016 жылдың мамырында өткізіп, техникалық нокаутпен оныншы раундта америкалық Джуниор Энтони Райтты (16-3-1, 13 КО) жеңген болатын. Кейін қазақстандық көзінен алған жарақаты салдарынан мансабын аяқтауға мәжбүр болды, алайда кейіндәрігерлермен кеңесіп, кәсіби боксқа қайта оралды. Алтынкай рингке қаңтарда шығып, алты раундтық жекпе-жекте неміс Нико Ломаннды (4-8-1, 1 КО) ұпай санымен ұтты.

Соңғы жаңалықтар