Шүлбі СЭС-і штаттық режимде жұмыс істеуде

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - ШҚО су электр станциялары көктемгі су жіберу жұмыстарына дайындық жүргізуде. Осыған байланысты қала әкімі Ермак Сәлімовтің басшылығымен Шүлбі су электр станциясында жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей қаласының ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында мамандар СЭС штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Су жіберу жұмыстары ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіліп жатыр.

«Бүгінде су мұзды өздігімен бұзуда. Ірі мұз кесектерінің аздығы кептелістерді болдырмайды .Бірақ, бұған қарамастан, біз барлық жағдайларға дайынбыз», - деді қала әкімі.

Кездесуге қатысушылардың мәлімдеуінше өзендегі мұз қатқан жоқ. Қазір мамандар мұздың қалыңдығы мен құрылымын талдауда. Су деңгейі 250 см/ 450. Ертіс өзенінің мониторингі күн сайын жүргізілуде.

«Жағдай бақылауда. Бүгінгі күні су басу қаупі жоқ. Әрине, мұз жүру кезінде кептеліс пайда болуы мүмкін проблемалық учаскелері бар. Бұл Семияр ауылының ауданы. Қауіпті жағдай наурыз айының соңында немесе сәуірдің бас кезінде орын алуы мүмкін. Егер қажет болса ТЖД жарылыс жұмыстарын жүргізу бойынша шешім шығаратын болады», - деді "Ертіс бассейндік инспекциясы" РММ басшысы Қазымбек Баймағамбетов.

Мамандар облыстағы су станцияларына көктемгі табиғатты қорғауға бағытталған су жіберу кезінде ауыр жүк түсетінін айтты. СЭС-да жөндеу жұмыстары аяқталып, станциялардың барлық жабдықтары дайын болуы керек. Атап айтқанда, Шүлбі СЭС-і гидроагрегаттары күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Екі гидростанцияда (Шүлбі және Өскемен) бөгеттің қауіпсіздігі туралы декларация бар. Бұл СЭС-і сенімді пайдалану жағдайында екенін білдіреді.

null null

Айта кетейік, наурыздың үшінші онкүндігінде комиссия отырысы өтіп, су жіберуге дайындық актісіне қол қойылады.

Соңғы жаңалықтар