+7 (701) 759 90 19
USD 375.91 EUR 416.85
RUB 6.10 CNY 54.77
Jańalyqtar

«Шұғыла», «Мұра» журналы Манасқа келді - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

2019 жылғы 7 желтоқсан 10:31
Бөлісіңіз:
«Шұғыла», «Мұра» журналы Манасқа келді - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайда тұратын қазақ қызы халықаралық байқауға жолдама алды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу Шапан киіп жүру ұят па? - Өңірлік баспасөзге шолу «Алтайдың көк жақұты» жұртқа көрсетілді - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Қысқы саяхат көрмесі Алтайда ашылды - «Жэньминь жибао» (People Daily)


Қытайдың Алтай қаласындағы аймақтық спорт сарайында Шыңжаңның XIV қысқы туристік көрмесі ашылды, - деп хабарлайды kazakh.people.com.cn сайты.

Бұл жолғы туристік көрменің мақсаты - Жібек жолын саяхаттап, жергілікті халықтың ұлттық өнімдері саудасын және қысқы туризм мәдениетін дамыту.

Айта кету керек, Шынжаң қысқы туризм көрмесі 2006 жылдан бері, үздіксіз 13 рет өткізілген болатын.



Өзбекстандағы кәсіпкерлерге кедергі болған үш негізгі проблема анықталды - «ӨзА» ақпараттық агенттігі


Орталық сайлау комиссиясындағы Халықаралық баспасөз клубының кезекті баспасөз мәслихатында кәсіпкерліктегі өзекті мәселелер туралы айтылды, деп хабарлайды Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

Онда, Өзбекстандағы кәсіпкерлердің кәсібін нығайту мен жұмысын жандандыруға кесірін тигізіп бизнесіне тұсау болып тұған негізгі үш мәселе көтеріліп, сол жайында пікірталас өрбіді. Қазіргі кездегі өзекті саналатын кәсіптің дамуына кедергінің ең негізгісі жер алу, банктерден кредит алу мен коммуникациялар және газ, электрлік жағдайы өте өзекті болып отыр, деп жазады өзбекстандық БАҚ.

«Халықаралық баспасөз клубының кезекті баспасөз мәслихатына Өзбекстан Республикасы Жоғары Мәжілісінің Заң шығару палатасының, саяси партиялардың, Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері, бизнес-омбудсмендер мен кәсіпкерлер қатысуда. Баспасөз мәслихаты жалғасуда», - деп түйіндейді «ӨзА».

«Шұғыла», «Мұра» журналы Манасқа келді - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)


Қазақ тілінде шығатын әдеби журнал «Шұғыла» мен тарихи мәдениеттің жоқтаушысы «Мұра» журналының редакция басшылары осы аптада Манас ауданына барып журналдың тұрақты авторларымен және оқырмандарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қытайдағы kazakcnr.com сайты.

Аталған БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, бұл жолғы іс-шара Шыңжаң өлкесінің әдебиет-көркемөнер қоғамының құрылтайшылығымен шығатын «Шұғыла» және «Мұра» журналдарының таралымын көбейтіп, оқырман сұранысына сай сапалы басылымға айналдыру үшін ұйымдастырылған.

Қос журнал басшылығы редакция қызметін үлкен жауапкершілікпен істеуді, журналдың сапасы, шығарма өміршеңдігімен байланысты екенін, редакция мен авторлар қарым-қатынасын күшейту арқылы оқырман санын арттыруға болатыны сынды мазмұндарды кеңінен баяндады. Жергілікті авторлардан «Шұғыла», «Мұра» журналына жолданған ұсыныс пікірлерін тыңдады. «Мұра» журналының өкілі Қамит Зәмерханұлы да өз журналы туралы кеңінен айта келіп, басылым сапасының авторлармен тіке қатысты екенін айтты. Ел арасында әлі күнге жарыққа шығып үлгермеген тарихи ақындар айтысы, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, әзіл-қағытпалар, қисса-дастандар сияқты жақұттарды жинау, реттеу, журналға беру жақтарында авторлармен ой бөлісті.

«Журналдар редакциясының Манас ауданындағы қазақ қаламгерлермен жүздесіп үгіт-нәсихат жүргізуі, өзара пікір алмасуы манастық қазақ ақын-жазушыларын сапалы туынды жасауға шабыттандырды. Әсіресе, қос журналдың бұл сапары Манас секілді қазақтары көп ауданның мәдениеті мен әдебиетінің әрі қарай дамуына тамаша бастама болды», - деп түйіндейді аталған басылым.

Иран, Қазақстан мен Жапония каратэден әлемнің ең үздік үштігіне енді – «Фарс» ақпарат агенттігі


Ерлер арасындағы Иранның ұлттық каратэ командасы 2019 жылғы әлемнің ең үздік командасы атанды, деп хабарлайды parstoday ақпарат агенттігі.

Аталған ақпарат көзінің хабарлауынша, ерлер арасындағы Иранның ұлттық каратэ командасы «Karate One» премьер-лига турнирінің 2019 жылғы 7 кезеңінде 7 алтын, 10 күміс, 13 қоламен жалпы 30 медаль алып, әлемнің каратэ командалары арасында ең үздік команда атанған.

«Ираннан кейін Қазақстан командасы 6 алтын, 3 күміс, 7 қоламен жалпы 16 медаль алып, екінші орын алса, Жапония әлем каратэсіндегі ең мықты дәстүрлі команда ретінде 5 алтын, 2 күміс, 6 қоламен жалпы есепте 13 медаль алып, үшінші орынға табан тіреді», деп түйіндейді ирандық БАҚ.

1500 жылдық тарихы бар шырақтар табылды - TRT


Диярбакырдың (Түркияның оңтүстік-шығысындағы қала) Чынар ауданы маңында Зерзеван қамалында жүргізілген қазбаларда Рим дәуірінен қалған 1500 жылдық тарихы бар 48 дана шырақ жарыққа шықты, деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

Аталған ауданға 13 км қашықтықтағы Зерзеван қамалы Рим империясы кезінде әскери база ретінде қолданылған. Осы жерде Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен қолға алынған қазба бес жылдан бері жалғасып келген.

«Бұнда биіктігі 12-15 метр, ұзындығы 1200 метрлік қорған қалдығы, биіктігі 21 метр бақылау және қорғаныс мұнарасы болған. Сондай-ақ, шіркеу, басқару ғимараты, тұрғын үйлер, дақыл және қару қоймалары болғаны анықталды. Бұған қоса жер асты ғибадатханасы, жартас қабірлері, су каналдары және 54 су қоймасы бар қамал мыңдаған жылдық тарихты ашып береді», деп жазды түркиялық БАҚ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Бейсен Сұлтан

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT