Шұғыла ауданын газбен қамтуды Сағынтаев өз бақылауына алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы әкім Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Наурызбай ауданы. Тұрғындармен кездестім, толғандыратын мәселелерді талқыладық. Олар: ауыз су, абаттандыру, инфрақұрылым және электрмен жабдықтау. Іс-қимылдың арнайы жоспары жасалатын болады. Аудан әкімі @SanzharTogay-ға тиісті тапсырмалар берілді. Олар менің жеке бақылауымда», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, қала басшысы Шұғыла мөлтек ауданында газбен қамтуға қатысты пікір білдірді.

«1 тамызға дейін газ келеді. Ол менің ерекше бақылауымда», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар