ШҰҒЫЛ: Талғар өзенінің бөгеті бұзылған жоқ - Алматы облыстық ТЖД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы аумағындағы Талғар өзенінде бөгет бұзылған жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Гүлмира Сейдахметова мәлім етті.

«Бізге жеткен соңғы ақпарат бойынша, өзен бөгеті бұзылмаған. Тек өзендегі су деңгейі шамадан тыс көтеріліп жатыр. Судың күрт көбеюі табиғи құбылыспен байланысты. Шілде айында таудағы мұз бен қар мөлшерден артық еріп, өзенге құятын судың көлемі көбейген. Қазір өзенге келіп жатқан судың жылдамдығы секундына 40 текше метрге жетті», - деді Гүлмира Сейдахметова.

Оның айтуынша, қазір оқиға орнына төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында облыстық ТЖД жедел әрекет ету тобы мен ТЖМ тікұшағы жетті.

«Әзірге жағдай бірқалыпты. Жақын маңда елді мекен болмағандықтан ешкім зардап шеккен жоқ», - деп қорытындылады ол.

Соңғы жаңалықтар