USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

ШҰҒЫЛ: Сидней Олимпиадасының чемпионы О.Шишигина Мәжіліс депутаты болды

2013 жылғы 23 қаңтар 09:55
Бөлісіңіз:
ШҰҒЫЛ: Сидней Олимпиадасының чемпионы О.Шишигина Мәжіліс депутаты болды

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңілатлетші, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Бұл туралы бүгін палатаның жалпы отырысында мәлім болды.

«Орталық сайлау комиссиясының жақындағы қаулысына сәйкес, «Нұр Отан» ХДП мүшесі Ольга Шишигина Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді. Осыған орай депутаттар атынан О.Шишигинаны құттықтап, оған жаңа шығармашылық ортада жемісті еңбек тілейміз», - деді жалпы отырыста спикер Нұрлан Нығматулин.

Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылы Алматы қаласында туған. Қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылы шұғылдана бастады. 1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірді. 1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және бірнеше дүркін жүлделерге ие болды.

1994 жылы Санкт-Петербор қаласында өткен ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

1994 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болды, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері" атағы берілді.

1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде алды және 2000 жылы Сидней Олимпиадасының чемпионы болды.

2001 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Одан кейін жарақат алуына байланысты Шишигина үлкен спортпен қоштасты.

2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт академиясын бітірген. Осы Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі.

І дәрежелі "Барыс", "Құрмет", "Дарын" ордендерімен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT