ШҰҒЫЛ: Шыңжаңда тәулік ішінде 6 рет жер сілкінді, жерасты дүмпулер Алматы облысында тіркелді

None
None
БЕЙЖІҢ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданының түрлі облыстарында бір тәуліктің ішінде магнитудасы 3,0-ден 4,6-ға дейін алты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды қытайлық сейсмологиялық орталығынан.

Магнитудасы 4,6 болған ең қатты сезілген жерасты дүмпуі дүйсенбі, 18 ақпан күні Бейжің уақыты бойынша сағат 21:00-де Қырғызстанмен шекара маңында, 40,2 градус солтүстік бойлық және 77,8 градус шығыс ендік координаттарындағы ҚХР ШҰАА Қызылсу-Қырғыз автономдық облысының Артуш қаласында 10 шақырым тереңдікте тіркелді.

Жарты сағат өткен соң қытайлық сейсмологтар ҚХР ШҰАА Қызылсу-Қырғыз автономдық облысының Артуш қаласында күштілігі 3,3 балл болған тағы бір жер сілкінісін тіркеді.

Сейсенбі, 19 ақпан күні Бейжің уақыты бойынша 05:24-те шыңжаңдық Артуш қаласында магнитудасы 4,6 тағы бір жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі дәл сондай координаттармен, 12 шақырым тереңдікте тіркелді. Бір сағаттың ішінде Артуш қаласында күштілігі 3,0 балл жер сілкінісі қайталанды.

Бұған дейін, 18 ақпан күні Шыңжаңның оңтүстігіндегі Қашғар және Турфан округтерінде магнитудасы 3,3 және 3,1 екі жер сілкінісі болған еді.

Қаза тапқандар, зардап шеккендер және қиратулар туралы мәліметтер келіп түскен жоқ.

Қытайлық сейсмологиялық орталықтың ақпаратынша, бүгін Қазақстанда Бейжің уақыты бойынша сағат 08:36-да магнитудасы 3,8 жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулер Қазақстанның Алматы облысында 42,6 солтүстік бойлық және 79,6 шығыс ендік координаттарымен, 10 шақырым тереңдікте тіркелді.

Соңғы жаңалықтар