ШҰҒЫЛ: Шонжа шекара жасағы шекара заставасы басшысының орынбасары өз-өзіне қол салды - ҚР ҰҚК ШҚ

None
None
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін шамамен сағат 18.00-де шекара нарядынан қайтар кезде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өңірлік «Шығыс» басқармасы Шонжа шекара жасағы шекара заставасы басшысының орынбасары, капитан М.К. Қадыралинов өз-өзіне қол салды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарланғандай, қайғылы оқиға отбасылық келіспеушіліктің салдарынан орын алған.

Тексеру амалдарын жүргізу үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары бастаған Орталық аппараттың офицерлер тобы шықты.

Оқиға орнында Әскери прокуратураның жедел-тексеру тобы жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар