+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

ШҰҒЫЛ: Оңтүстік Қазақстанда пара алды деген күдікпен түрме бастығы қамауға алынды

2012 жылғы 27 қазан 13:39
Бөлісіңіз:
ШҰҒЫЛ: Оңтүстік Қазақстанда пара алды деген күдікпен түрме бастығы қамауға алынды

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда ақшалай сыйлық алды деген күдікпен түзеу мекемесінің бастығы қамауға алынды, деп

хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.

БАҚ үшін таратылған баспасөз хабарламасында мәлім етілгендей, 25 қазанда шамамен сағат 17.00-де Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері мен ОҚО бойынша қаржы полициясы бірлесіп атқарған жедел-алдын алу іс-шарасының барысында сотталушылардың біріне жалпы қамқорлықты қамтамасыз етуге қолғабыс ету үшін 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды деген күдікпен түзеу мекемесінің бастығы ұсталды.

Оның үстінен ҚР ҚК-нің 311-бабы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

2012 жылы қылмыстық-атқару жүйесінің жеке құрамы арасында болған жемқорлықтық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 2,5 есеге азайғанына қарамастан, бұл жұмыс ІІМ мен ҚАЖ комитеті басшылықтарының жіті бақылауында, деп атап өтілді пенитенциарлық жүйенің баспасөз қызметінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT