+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ШҰҒЫЛ: Мас күйінде көлік айдап кеткен жасөспірім көпірден құлап тынды

2014 жылғы 26 наурыз 11:31
Бөлісіңіз:

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында 1996 жылғы балалар үйінің тәрбиеленушісі араққа сылқия тойып алып, біреудің көлігін айдап әкетуімен қоймай көпірден құлап мерт бола жаздады, деп хабарлады аймақтық ІІД баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметі бойынша, оқиға наурыздың 25-і күні түнгі сағат 22:25 кездерінде орын алған. Сандықтау ауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі, қазіргі кезде Көкшетау қаласының тұрғыны 1996 жылғы азамат ішімдікке тойып алып, облыс орталығындағы Сүлейменов көшесінің бойындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған "Ауди А4" көлігін айдап әкеткен.

Удай мас болған ол рөлге ие бола алмай, Сүлейменов көшесінінің бойындағы көпірдің қоршауына соғылып, "Қылшақты" өзеніне құлап түскен. Оқиға орнына дереу құқық қорғау органдары мен көлік иесі жетіп, көлігін анықтайды. Ал жасөспірім қазіргі кезде тергеу изоляторына тоғытылды.

Аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 185-бабы (біреудің мүлкін иемдену) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT