ШҰҒЫЛ: Көкшетауда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Көкшетауда жанар-жағар май стансасына қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен мәлім етті.

Оқиға таңғы сағат 04:10 шамасында орын алған. Бетін тұмшалаған үш белгісіз азамат қала шетіндегі «Эталлон Авто» жанар-жағар май стансасына баса-көктеп кіріп, күзетшіні соққыға жығып, трав м атикалык қарудан оқ атқан және кассадагы 1 миллион теңге ақшаны қолды қылып кетті.

Абырай болғанда, оқ күзетшінің белінің оң жақ тұсына тиген, медициналық көмекті қажет етпеді. Қазіргі кезде, ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар