ШҰҒЫЛ: Көкшетау - Атбасар тас жолын су шайып жатыр - ФОТО

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы Борисовка ауылының маңынан өтетін Көкшетау-Атбасар тас жолын су шайып жатыр.

Еске сала кетсек, кеше аталған елді мекенде 7 қора шаруашылық құрылыстарымен бірге су астында қалған болатын. Аталған нысандар өзен жағасынан 100 метр қашықтықта орналасқан. Бүгін Жабай өзеніндегі судың деңгейі 3,8 метрге көтеріліп, бірқатар елді мекендерге қауіп төндіруде. Әсіресе, Борисовка ауылының жағдай қиындап, 9 үй су астында қалса, 22-ісіне қауіп төніп тұр. Сондай-ақ, Көкшетау - Атбасар тас жолын да су шайып жатыр. Қазір аталған елді мекенді төтенше жағдайлар қызметінің мамандары арнайы бақылап, тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіруде.

Соңғы жаңалықтар