ШҰҒЫЛ: Қазақтардың аты мен тегін дұрыс жазу ережесінің жобасы әзірленді

None
None
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан ұлты қазақ азаматтардың аты мен тегін дұрыс жазу ережесінің жобасы әзірленді.

Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік тілді дамытудағы проблемалар туралы» мәселені талқылау барысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мәлім етті.

«Антропонимика саласында министрлік тарапынан ұлты қазақ азаматтардың аты мен тегін дұрыс жазу ережесінің жобасы әзірленді. Қазіргі таңда бұл құжат сараптамалық талқылаудан өтуде. Бұдан басқа, волапюк, яғни қазақ сөздерін латын әрпімен көрсететін арнайы жасанды тіл графикасын бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл антропонимика саласы үшін аса маңызды», - дейді вице-министр Арман Қырықбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда аталған жұмыстар бойынша ғалымдардың пікірі де, көзқарасы да әртүрлі. «Сондықтан да, біз белсенділік танытқан ғалымдардың басын қосып талқылау жұмыстарын жалғастыратын боламыз. Нәтижесінде азаматтардың құжаттарын рәсімдеу және қазақ есімдерін латынмен жазу мәселесінің шешімі табылмақ», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар