ШҰҒЫЛ: Қазақстан әншісі Әлішер Кәрімов «Славян базары» байқауында көрермендерді өнерімен тәнті етуде

None
None
МИНСК. 13 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық Әлішер Кәрімов «Славян базарындағы» «Витебск-2011» эстрадалық ән орындаушылар байқауында үздік алтылықтың қатарынан орын алды.

Халықаралық байқауға Беларусь атынан қатысқан Алена Ланская сайыстың бірінші және екінші күнінің қорытындысы бойынша көш бастап келеді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Әнші қыз жеңіске қажет 180 ұпайдан179 ұпай жинады.

Украиналық әнші Владимир Квасница 174 ұпаймен екінші орында, чехиялық өнерпаз Давид Дейл мен Литвадан келген Рута 170 ұпаймен үшінші орында келеді. Ең үздік алтылықтың қатарына Қазақстанның намысын қорғайтын әнші Әлішер Кәрімов пен Молдава өкілі Кристина Скарлат кірген.

Соңғы жаңалықтар