ШҰҒЫЛ: Қарағанды облысының «Қазақстан» шахтасында үйінділердің астында қалып қойған 4 кенші құтқарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында құтқару жұмыстары аяқталды.

Үйінділердің астында қалған 4 кенші жер бетіне көтерілді. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Барлық 4 кенші құтқарылды. Олар күмбез арқылы шығарылды», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ТЖМ-ның ақпараты бойынша бұған дейін хабарланғандай, Қарағанды облысының Шахтинск қаласында, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ КД-нің «Қазақстан» шахтасында (пласт Д6 Батыс 1, 312-ші конвейір штрекі) забой сағасынан (забой ұзындығы 342 метр) 18 метр жерде төбе жабындысы опырылып құлады. Салдарынан үйінділер астында 4 адам қалып қойды: 1972 жылғы Михайлов В., 1988 жылғы  Анисимов П. есімді үңгушілер, 1958 жылғы Тілеуленов Е., 1971 жылғы Лапушкин Д., есімді жұмысшылар. Олармен металды құбырды соғу арқылы байланыс орнатылды. Газ жағдайы бақылануда, забойға сығылған ауа жеткізілуде. Шахтаның жұмысы тоқтатылған жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдай орнына «Көмір» ВААС 18 адамы мен 3 техникасы, Қарағанды облысы бойынша ТЖД-нің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар