ШҰҒЫЛ: Генерал Бағдат Майкеевке қатысты сот үкімі шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпты деп танылған Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Бағдат Майкеев алты жылға сотталды. Үкімді Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот судьясы Асқар Қайыров шығарды.

Бұл туралы ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Судья сотталушы Бағдат Майкеевті қылмыстық кодекстің 251 бабы 1-тармағы, 311 бабы 5-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сотталушыға жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу жазасы кесілді. Сондай-ақ,оған үш жылға дейін мемлекеттік қызметке араласуына тыйым салынды», - деді баспасөз қызметі.

Ал экс-шенеунікке аса ірі көлемде пара ұсынды деп айыпталған үш сотталушы Павел Титоренко, Олег Спицын мен Алтынбек Қайырбаев ҚР ҚК 312 бабының 5 тармағы: «Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру, лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара беру, жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамға пара беру» бойынша айыпты деп табылып, он жылға бас бостандығынан айрылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Баспасөз қызметінің айтуынша, Майкеевтің қорғаушылары апелляциялық шағым түсіруді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар