ШҰҒЫЛ: Бүгін Талдықорғанда Челахқа қатысты сот отырысы басталады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. 19 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанның қалалық сотында «Арқанкерген» бекетінде қызметтестерін өлтірді деп айыпталып отырған шекарашы Владислав Челахтың ісі бойынша басты сот процесі басталады.

Еске салайық, Челах алдын ала тыңдау барысында алқа билер сотынан және қорғаушыдан бас тартқан болатын.

Істі Талдықорған әскери гарнизонының судьясы Ербол Ахметжанов қарайтын болады. Мемлекеттік айыптаушылар - Дастан Сәкенов, Александр Кирияк және Кемел Шаяхмет.

Естеріңізге сала кетейік, 30 мамырда "Арқанкерген" бекетінен жанып кеткен 13 шекарашының мәйіттері табылды. Кейін тағы бір сарбаздың мүрдесі және шекара бекетінен алыс емес жерден орманшының өлі денесі табылды.

Қызметтестерінің өлімін мойнына алған, тірі қалған шекарашы В. Челахқа 9 бап бойынша айыптар тағылды. Атап айтқанда, «Екі немесе одан көп адам өлтіру», «Адамның жеке затын қолды қылу», «Құпия материалдарды қымқыру», «Қару ұрлау», «Заңсыз қару алып жүру, «Әскери мүлікті қирату», «Қашқындық» және "Өзгенің үйіне заңсыз баса-көктеп кіру».

Соңғы жаңалықтар