+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ШҰҒЫЛ: Бельгияның Льеж қаласында болған қарулы оқиғада қазақстандық азаматтар зардап шеккен жоқ - ҚР Елшілігі

2011 жылғы 14 желтоқсан 08:17
Бөлісіңіз:
ШҰҒЫЛ: Бельгияның Льеж қаласында болған қарулы оқиғада қазақстандық азаматтар зардап шеккен жоқ - ҚР Елшілігі

ЛЬЕЖ-БРЮССЕЛЬ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Алдын ала ақпарат бойынша, Бельгияның Льеж қаласында болған қарулы оқиғада қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандық азаматтар жоқ.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің консулы Болат Темірбаев мәлім етті.

Қазақстандық дипломаттың айтуынша, Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста болып, болған оқиға туралы мәліметті анықтауды жалғастыруда, соның ішінде Льежде зардап шеккен азаматтар арасында қазақстандық азаматтардың бар-жоғын тексеруде.

Б.Темірбаев атап өткендей, жергілікті полиция қызметі бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп санамай, оған қылмыстық сипат беріп отыр.

Болған оқиғаға байланысты, бельгиялық билік +328009400 нөмірлі call-centre желісін ашты, бұл нөмір бойынша хабарласқан адамдар зардап шеккендер арасында өздерінің жақындары мен таныстарының бар-жоғын анықтай алады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше жергілік уақыт бойынша сағат 12:30-да Сен Ламбер алаңында 32 жастағы Нордин Амрани автобус аялдамасына қатарынан төрт граната лақтырып, содан кейін сөмкесінен «FN FAL» жеңіл автоматты мылтығын алып шығып, алаңдағы адамдарға ретсіз оқ жаудырған. Оқтары біткен кезде қылмыскер қашуға әрекеттенбей өзін-өзі тапаншадан атып тастады. Қаскөй жалғыз өзі әрекет еткен кәнігі қылмыскер болып шықты. Бұрын заңсыз қару сақтағаны және өз үйінде қарасора өсіргені үшін сот оны бес жыл бас бостандығынан айырған болатын. Қазіргі кезде полиция қызметі Н.Амранидің бейбіт адамдарға жасаған қастандығының себептерін анықтауда. Бұдан бөлек, «льеж атқышының» сыбайластарының бар-жоғына тексеріліс жүргізіліп жатыр.

Льеж қаласында болған кешегі жан түршігерлік оқиғада 6 адам қаза тапты, оның ішінде 23 айлық бала бар, 120-дан астам адам түрлі дәрежеде жарақаттар алды. Алайда жарақат алғандар арасында ауыр халде жатқандар болғандықтан, қаза болғандар саны одан да көбеюі мүмкін.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT