ШҰҒЫЛ: Атырау облысы Жылыой АІІБ басшылығының қызметтік сәйкестігі мәселесі төтесінен қойылып отыр - ҚР ІІМ

None
None
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Атырау облысында әйелді зорлауда күдікті ретінде ұсталған екі полицей үшін қызметтік тексеру барысында аудандың полиция бөлімінің басшылығының қызметтік сәйкестігі мәселесі төтесінен қойылып отыр.

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Құлсары қаласында уақытша тұрып жатқан 1979 жылғы Жамбылдың тұрғыны прокуратураға шағымданған болатын. Әйелдің сөзіне қарағанда, белгісіз үш ер адам оны зорлап, кейін басына пакет кигізіп ен далада тастап кеткен. Жылыой АІІБ-нің қызметкерлері барлық күдіктілерді ұстады, олардың екеуі учаскелік инспекторлардың көмекшілері болып шықты. Тергеу амалдары барысында жәбірленуші оған зорлық көрсеткендерді таныды. Олардың барлығы уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, сараптама белгіленді.

«Кезінде олар аттестациядан өтті, бірақ олар қандай деңгейде және қалай өткенін біз тексереміз»,-деп атап өтті ресми өкіл. Айта кетейік, Жылыой АІІБ-нің бастығы Серік Ербөлеков қызметінен босатылды.

Ол жерде ҚР ІІМ басшылығы кезекті алқа отырысын өткізді.

Н. Ораздың сөзіне қарағанда, енді Ішкі істер бөлімі бастығы орынбасарлары мен аудандық полиция бөлімінің басқа да басшылығының қызметтік сәйкестігі мәселесі төтесінен қойылып отыр.

«Қазіргі кезде қызметтік тексеру жүріп жатыр. Оның аясында тағы да кінәлі адамдар табылатын болса, барлығы жазаға тартылады»,-деп түйді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар