ШҰҒЫЛ: Атбасар қаласында су тасқыны орын алып, 50 үй суда қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар қаласында қар суының күрт еруіне байланысты 50 үй су астында қалды. Бұл туралы аудан әкімі Жомарт Нұркенов мәлім етті.

Оның айтуынша, Атбасар ауданындағы Борисовка ауылында 7 қора шаруашылық құрылыстарымен бірге су астында қалды. Аталған үйлер өзен жағасынан 100 метр қашықтықта орналасқан.

Ал Покровка ауылында Жабай өзенінің бетіндегі мұз қатпарлары кептетіліп, су ағысына біраз қиындықтар туғызуда. Қазір аталған жерлерде жару жұмыстары жүргізілуде. Атбасар автомобиль көпірінің жанындағы гидробекетінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылуда.

Судың қазіргі деңгейі 3 метр болса, ең қауіпті деңгейі - 3,4 метр. Теміржол ауданы маңындағы көпірді "Қазақстан Темір жолы" АҚ қызметкерлерінің бақылауына алынған.

"Ал аудан орталығындағы қар суының ағып келуі салдарынан Атбасар қаласының батыс жақ бөлігіндегі су жіберу арнасы орналасқан шығанақтағы су деңгейі күрт көтерілді. Нәтижесінде қауіпті аймақтағы Жданов, Жамбыл және Транспортная көшелерінің бойындағы 50-ден астам үй судың астында қалды. Осыған орай, осы маңдағы қалған жеке тұрғын жай секторларындағы жағдайды қиындатпау үшін тас жол мен теміржол төсенділер қопарылып алынып, Қазақстан көшесінің бойында орналасқан үйлерде тұратын 79 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Қазір жағдай тұрақтандырылып, бірқатар тұрғындар өз үйлеріне қайтуда", - дейді аудан әкімі.

Соңғы жаңалықтар