ШҰҒЫЛ: Алматыда ұрланған мопедті тізгіндеген 2 жасөспірім жол апатынан қаза болды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда ұрланған мопедті тізгіндеген екі жасөспірім бүгін жол апатынан қаза болды. Бұл жөніндегі ақпаратты қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек растады.

«Оқиға күндіз әл-Фараби даңғылының бойында орын алған. Шығысқа қарай бет алған екі жасөспірім Бағанашыл ауылына қиылыста апатқа ұшырады. Олар көлікті тізгіндей алмай, жол ортасын бөліп тұрған қоршауға соғылды. Салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды», - деді Салтанат Әзірбек.

Алдын ала болжам бойынша, олар бұл темір көліктерді ұрлап мінген.

Соңғы жаңалықтар