ШҰҒЫЛ: Алматыда Муниципалды автобус паркінің лауазымды тұлғалары 76 млн. теңгені жымқырған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Муниципалды автобус паркінің лауазымды тұлғалары 76 млн. теңге көлемінде қаржыны жымқырған. Аталған дерек бойынша қазір ҚР ҚК 176-бабының 4-тармағымен (бөгденің сеніп тапсырылған мүлкін алу) қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық қаржы полициясының баспасөз қызметінің маманы Жақсылық Жақыбаев айтты.

Оның мәлімдеуінше, 2011 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта Муниципалды автобус паркінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын «Алматыэлектротранс» ЖШС қызметкерлері жолаушылардың төлеген жолақысын өз қалталарына басып отырған.

Жүргізілген аудиторлық тексерістер нәтижесінде жолақысын төлеудің электронды жүйесінің көрсеткен сомасы мен кассаға түскен қаржының сомасы арасында үлкен айырмашылық болған. Яғни, «Алматыэлектротранс» ЖШС Муниципалды автобус паркінің кассасына түсірген сомасы 76 млн. теңгеге кем болып шықты.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеуге жіберілді.

Соңғы жаңалықтар