ШҰҒЫЛ: Алматыда құрылыс заттары сақталған қойма өртеніп жатыр (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. КазАкпарат - Алматы-Талғар тас жолындағы құрылыс заттары сақталған қойма өртеніп жатыр. Өрт туралы хабарлама таңғы сағат 6:37-да түскен.

"Тілсіз жау" бірнеше контейнер мен қоймаларды, әкімшілік ғимаратты шарпыған. Оқиға орнында жұмыс жасап жатқан жедел қызмет өкілдерінің айтуынша, қойма маңындағы үйлерге де от тиген. Шамамен өртенген аумақтың көлемі 700 шаршы метрді құрайды. Жапа шеккендер жоқ. Өрт сөндіру қызметі өкілдерінің айтуынша, өрт қойма ішіндегі трактордың ақауынан тұтанған. Салдарынан, бірнеше көліктік техника жанып кеткен. Қалалық ТЖД өкілдері оқиғаның мән-жайын кейінірек түсіндіруге уәде етті.

Соңғы жаңалықтар