ШҰҒЫЛ: Алматыда «КАМАЗ» «Тойота» көлігін қағып кетті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тағы да жантүршігерлік апат орын алды. Талғар тас жолымен шығысқа бағыт алған «КАМАЗ» қарсы бетте келе жатқан «Тойотаны» қағып кетті.

Оқыс оқиға салдарынан 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың бәрінің жағдайы өте ауыр. Арасында кішкентай сәби бар.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жүк машинасы алдынан шыққан жаяу жүргіншілерді басып кетпеу үшін бірден қарама-қарсы бетке шығып кеткен.

«КАМАЗ» жүргізушісінің өзі дін аман. Ол қазір полиция қызметкерлеріне түсініктеме беруде.

Апат салдарын қазір оқиға орнына шұғыл жеткен жол полициясының мамандары анықтауда.

Соңғы жаңалықтар