ШҰҒЫЛ: Алматыда «Азат» сауда үйі өртеніп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Шевченко көшесі, 210 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Азат» сауда үйі өртеніп жатыр.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, өрт жайлы хабарлама диспетчердің пультіне таңертеңгі сағат 11-ден 10 минут өткенде келіп түскен.

Өрттің залал келтірген аумағы қалың түтіннің салдарынан анықталмай отыр. «Қалалық өрт сөндіру қызметінің 1-бөлімшесінің өрт сөндірушілері оқиға орнына сағат 11.23-те келіп жетті. Қазіргі таңда өрт әлі ауыздықталмай отыр», - деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар