ШҰҒЫЛ: Алматыда ақша айырбастау пунктінің менеджері 100 мың доллар ұрламақ болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ақша айырбастау желісінің менеджері 100 мың доллар көлемінде ақша жымқырмақ болған. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, 24 жастағы жігіт өзінің жұмыс орнына тонаушылық шабуыл ұйымдастырған. 4 наурызда кешкі 17.00 шамасында ол жігіт полицияға хабарласып, ірі көлемде қаржыны тасымалдау кезінде оның көлігіне қаруланған белгісіз біреулер шабуыл жасағанын жеткізді.

«Іс жүзінде мұндай деректер жиі кездескендіктен, ақша айырбастау пункттерінің қызметкерлері қатаң бақылауға алынады. Осы жолы да жедел-іздестіру шарасы барысында куәлік беруші өз түсініктемесінде жиі шатасты. Кейіннен қылмысты өзі ұйымдастырғанын әрі ол үшін өзінің танысын тартқанын мойындады», - деді Алмалы ауданының ІІБ басшысы, полиция полковнигі Асқар Болатов.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу барысында анықталғандай, ақша толы сөмке күдіктінің танысына берілген болып шықты.

Соңғы жаңалықтар