+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ШҰҒЫЛ: «Алматы - Шымкент» тас жолында жолаушылар автобусы КамАЗбен соқтығысты, 5 адам қаза тауып, 11-і жарақаттанды

2013 жылғы 20 наурыз 10:55
Бөлісіңіз:
ШҰҒЫЛ: «Алматы - Шымкент» тас жолында жолаушылар автобусы КамАЗбен соқтығысты, 5 адам қаза тауып, 11-і жарақаттанды

ТАРАЗ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында «Алматы-Шымкент» тас жолының 428-ші шақырымында кезекті қайғылы жол-көлік оқиғасы болды.

Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Халидолла Дәуешовтың ақпаратынша, 20 наурызға қараған түні Тұрар Рысқұлов ауданында Алматыдан Шымкентке бет алған ішінде 45 жолаушы мен ауысыммен жұмыс істейтін бір жүргізуші болған «Man» жолаушылар автобусы жолдың жиегінде тұрған, теміржол рельстері тиелген КамАЗ көлігімен соқтығысты.

«Жол апатының салдарынан бес адам, соның ішінде екеуі аудандық ауруханада қаза болды, олардың тұлғалары анықталуда. 11 адам ауруханаға жеткізілді, олардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары медициналық көмек көрсету үшін Таразға жіберілді», - деп хабарлады Х.Дәуешов.

Жамбыл облыстық ТЖД-нің мәліметтерінше, жолаушылар автобусының тізгінінде Оңтүстік Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғыны болды. КамАЗдың жүргізушісі - Тараз тұрғыны. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер анықталуда.

Жамбыл облыстық ІІД ЖПБ-ның жедел-тергеу тобы аталған факті бойынша тергеу өткізуде. ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Аталған факті облыс прокуратурасының бақылауына алынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT