ШҰҒЫЛ: Алматы ортасында пәтер өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Төле би мен Тілендиев көшелерінің қиылысында 10 қабатты үйдің 8- қабатындағы бір пәтерден өрт шықты.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Еркебұлан Әлімқұлов хабарлады.

«Өрт туралы хабарлама таңертеңгі сағат 10:15-те түскен. Ең алғашқы өрт сөндіру бөлімі сағат 10:26-да оқиға орнына жетті. Қызыл жалын 7 шаршы метр аумақты шарпығандығы анықталды. Төтенше жағдай кезінде 9 тұрғын, оның ішінде 2 бала құтқарылып, 45 адам (6 бала) қауіпсіз жерге көшірілді», - деді ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Еркебұлан Әлімқұлов.

Оның мәлімдеуінше, өрт толығымен 10:55-те сөндірілді. Жапа шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Соңғы жаңалықтар