ШҰҒЫЛ: Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық «Құтқару қызметі» МКК «Қазгидромет» РМК болжамын негізге ала отырып, Алматы облысында қар көшкіні орын алуы мүмкін деп шұғыл ескерту жасайды.

«Қазгидромет» РМК 31 наурыздағы №18 болжамына сәйкес Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында наурыздың 31-і мен сәуірдің 1-і аралығында ауа райының күрт жылуына орай қар көшкіні жүруі мүмкін», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты қалалық құтқару қызметі аталған аймақ тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертіп отыр.

Соңғы жаңалықтар