ШҰҒЫЛ: Алматы маңында тау бөктері өртеніп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Ерменсай ауылында тау бөктеріндегі құрғақ ши өртеніп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы облысының ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев мәлімдеді.

«Қазір өрт шалған жердің солтүстігі мен оңтүстігі өшірілді. Қазір батыс жағы өшіріліп жатыр. Өрт шамамен 20-22 га жерді шарпыған. Бұл жерде ешқандай ауылшаруашылық,болмаса өзге де нысандар орналаспаған. Өртті өшіруге 13 техника мен 50 жеке құрам қызметшісі жұмылдырылды», - деді ол.

Облыстық ТЖД мамандары өрттің шығу себептерін анықтау үстінде.

«Қызыл жалын жергілікті халықтың салғырттығынан болуы да мүмкін. Қазір сенбіліктер көп ұйымдастырылып отыр. Жергілікті халықтың аймақты тазалап, жинау кезінде қоқысты өртеген кезде тұтанып кетуі мүмкін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар