ШҰҒЫЛ: Алматы әуежайынан «жарылғыш зат» іздеу тоқтатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайынан «жарылғыш зат» іздеу тоқтатылды. Бұл туралы қалалық Құтқару қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әуежайдан жарылғыш зат табылмады. Бұл туралы бүгін сағат 12.00-де көліктегі ІІД мәлім етті. Жарылғыш зат туралы хабарлама кезекші пультына таңғы сағат 10:53-те түскен.

Оқиға орнына құтқару бригадасы жіберіліп, 1500 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта әуежайдағы ұшу рейстері қайта қалпына келтірілді.

Соңғы жаңалықтар