ШҰҒЫЛ: Алексей Фомин жалпы режимдегі колонияда үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

2012 жылғы 11 желтоқсан, 18:31
ШҰҒЫЛ: Алексей Фомин жалпы режимдегі колонияда үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Судья Ербол Абдуллин Алексей Фоминді жалпы режимдегі колонияда үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Талдықорған әскери гарнизонының әскери сот залында тараптардың жарыссөздері басталды.

Мемлекеттік айыптаушы Қайрат Ермаханов өткен жолдағыдай судья Ербол Абдуллиннен Алексей Фоминға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады.

«Сарыбөктер» шекара заставасының бұрынғы бастығының қорғаушылары өздерінің қорғалушысының кінәсіздігі туралы мәлімдеді.

Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar