ШҰҒЫЛ: Ақмола облысында «Мерседес» жүк көлігі аударылып қалды - ФОТО

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, «Мерседес» жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі оқиға орнынан.

Оқиға Астрахан селосынан Жалтыр стансасына шығаберіс айналма жолдың бойында орын алған. Жолдың саз болуына байланысты «Мерседес» жүк көлігінің жүргізушісі көлігіне ие бола алмай, жол шетіндегі жыраға аударылып қалған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, көлік жүргізуші дін аман көрінеді.

Соңғы жаңалықтар