ШҰҒЫЛ: Ақмола облысында 11 шақырымдық бәйгеде шабандоз аттан құлап мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Сандықтау ауданы күні мерекесін тойлау кезінде ұйымдастырылған бәйге жарысында екі шабондоз астындағы тұлпарларымен бірге құлап, біреуі сол жерде ажал құшты.

Қайғылы оқиға 11 шақырымдық тоқ бәйге кезінде орын алды. Бәйге басталысымен тұра шапқан қызу қанды тұлпарлардың бірі сүрініп, оның үстіне екіншісі келіп құлаған. Нәтижесінде екі шабандоздың бірі сол жерде жан тәсілім етті. Ал, екіншісі ауыр халде жедел жәрдем көлігімен аудандық ауруханаға жөнелтілді.

Куәгерлердің айтуынша, мерт болған шабандоз Степногор қаласына қарасты Бестөбе кентінен келген 12-15 жасар бала көрінеді.

Осы қайғылы жағдайға байланысты өзге жарыстар да доғарылды.

Еске сала кетсек, бүгін Сандықтау ауданы күніне байланысты спорттың бірнеше түрі бойынша жарыстар өтуде. Әсіресе, бәйге жарысына бес бірдей автокөлік тігіліп, оған еліміздің әр өңірінен келген сәйгүліктер қатысуда.

Соңғы жаңалықтар