Шуда оттегі баллонын кесу кезінде жұмысшы қаза тапты

None
None
ШУ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында қауіпсіздік ережелерін бұзу салдары қайғылы оқиғаға әкеп соқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 сәуір күні Шу қаласындағы металл қабылдау пунктінде оттегі баллонын бөлшектеу кезінде баллон ішінде қалған газ жарылып кеткен. Апат салдарынан жарақат алған жұмысшы Шу қалалық ауруханасында көз жұмды.

«Осының бәрі ашық аумақта болған. Алдын ала деректерге қарағанда, жұмысшылар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Тергеп-тексеру жүріп жатыр», - дейді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Сәуле Мұңатаева.

Оқиға орнына құтқару қызметінің 17 қызметкері жіберілді, 4 техника және реномобиль жұмылдырылған.

Автор: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар